2.08.2024, 11:31
Оқылды: 16

Бөкей ордасында мотивациялық кездесу өтті

Бөкей ордасы ауданында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Jas kelse, iske» атты мотивациялық кездесу өтті.

AB1DD987-7C7C-4E40-932E-F892EE4E4555

Аталмыш жиынға республика көлемінде ауданымыздың намысын қорғап жүрген, есімі аудан жұртына жақсы таныс  жаттықтырушы Рахим Қожағалиев пен оның шәкірттері Ақерке Рамазанова мен Асылай Мақсотовалар арнайы шақырылды.

Аудан жастарын бір шаңырақ астында жинаған қонақтарымыз – юниор ұлдар мен қыздар жасөспірім арасындағы классикалық және жабдықталған  пауэрлифтингтен ҚР чемпионатының жүлдегерлері. 

Мысалыға, Ақерке Рамазанова 43 салмақ дәрежесінде 152,5 келіні бағындырып ІІІ орынға табан тіресе, 47 салмақ дәрежесіндегі Асылай Мақсотова 120 келі салмағын көтеріп  жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлаған елі.

Ал Рахим Қожағалиев ағамыз классикалық пауэрлифтингтен ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатында 105 келі салмақ дәрежесінде І орын және жабдықталған түрінен ІІ орын иегері.
Сонымен қатар, 2025 жылы өтетін ардагер спортшылар арасындағы Азия чемпионатына жолдама иегері атанды.

E97BDC1B-9DFF-4EEC-9A5C-E090DD45E1A4

Жиын барысында жүлдегерлер пауэрлифтинг спорт түрінің әдістерімен жастармен бөлісті.
Кездесу барысында жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының басшысы Медет Қаресов кездесу қонақтарына алғысхат пен заттай сыйлықтарын табыстады.

Жиын соңында Рахим Қожағалиев қатысушыларға мастер-класс ұйымдастырса, ұйымдастырушылар тарапынан қатысқан жастарға сыйлық тарту етілді.

Шара «Жастарға кеңес» акциясымен жалғасты. Акция барысында ресурс орталығының мамандары аудан көлемінде жастарға арналған бағдарламалар туралы тарқатып айтты.

Жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, әлеуметтік жұмыс орындары және аудандық колледж оқу орны туралы түсіндіру жұмыстары да қолға алынды.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале