4.08.2024, 9:56
Оқылды: 3

Казталов ауданы: Бірікте сайлаушылар белсенділік танытуда

Казталов ауданына қарасты Бірік ауылдық округіндегі №226 сайлау учаскесіне келіп, ауылдың болашақ әкіміне дауыс беріп жатқан тұрғындардың белсенділігі жоғары.

IMG20240804092408

Ауыл үшін маңызды күні сайлауға қатысып, жауапкершілік танытып жатқан біріктік ағайынның ынтымағы көпке үлгі.

Алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады

Бірік ауылдық округінде өтіп жатқан әкім сайлауына бірінші болып Әжібай ауылының тұрғыны Дәулеткерей Молдағалиев келіп, дауыс берді.

InShot_20240804_094832939

Таңғы ұйқысын қиып, алғашқы таңдау жасаған сайлаушыға сайлау учаскесінің төрағасы алғыс білдіріп, естелік сыйлық ұсынды.

Қырдағы сайлаушылар дауыс береді 

Бірік ауылдық округіндегі №226 сайлау учаскесіне тіркелген 649 сайлаушы болса, 70 бюллетен округкке қарасты Саралжын, Қызылту елді мекендері мен қырларға жіберілді.

IMG20240804083045 (1)

Сайлау комиссиясының мүшелері қырда тұратын тұрғындардың өтініші бойынша дауысын жинауға аттанды.

Алғашқы рет дауыс берді

Бірік ауылдық округінде өтіп жатқан округ әкімін сайлауына ең жас сайлаушылар келді. Солардың бірі, Әжібай ауылының тұрғыны Айнар Жұмақайыров биыл 18 жасқа толып, сайлау құқығына ие болып отыр. Өз құқығын пайдаланып, алғашқы рет дауыс берген азаматқа сайлау комиссиясы атынан естелік сыйлық берілді.

InShot_20240804_095238805

Сайлау учаскесіне Айнармен бірге құрдастары Алан Наукешов, Бегзат Қажымұқан да келіп, өз таңдауларын жасады.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале