5.08.2024, 13:00
Оқылды: 83

Қазақстандықтар ЕРДО байланыс орталығы арқылы 140 мыңнан астам консультация алды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) базасындағы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығы 2024 жылдың басынан бері Қазақстан азаматтарына 140 мыңнан астам консультация өткізді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызмет жазды.

selective focus of smiling female call center operator in headset in office

Сурет: istockphoto.com

Байланыс орталығының қызметкерлері әлеуметтік-еңбек саласының барлық мәселесі бойынша тегін ақпараттық-кеңес беру қызметтерін, сондай-ақ aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер, enbek.kz электрондық еңбек биржасы, hr.enbek.kz еңбек ресурстары, skills.enbek.kz онлайн оқыту, business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, migration.enbek.kz көші-қон процестері бойынша портал пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсетеді. 

Бұдан басқа, байланыс орталығынан «Е-собес» ақпараттық жүйелерінің, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің, Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорының жұмыс принциптері бойынша ақпарат алуға болады.

Өтініштер көрсетілген порталдарда мәтіндік форматта және  бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.

Айта кету керек, нөмірді тергеннен кейін өтініш берушіні «Кеңес» роботымен байланыстырады, ол қазақ және орыс тілдерінде сондай-ақ қазақ-орыс тілдерін араластырып сөйлеп тұрғанын ажырата алатындай етіп әзірленген.

Байланыс орталығының операторымен қосылу үшін негізгі сөздерді айту қажет, атап айтқанда: атаулы көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, жұмысқа орналастыру, еңбек шарттары зейнетақы, жәрдемақылар, оңалту, санаторий және т. б. Немесе өз сұрағыңызды анық және нақты айтыңыз, мысалы, «Қате енгізілген еңбек шартын қалай жоюға болады?», «Курстардың авторы болу үшін не істеу қажет?», «Мемлекеттік грантты қалай алуға болады?» және т. б.

Байланыс орталығы арқылы кеңес беру үш деңгейлі форматта жұмыс істейді.

1-желіде операторлар жүйеге келіп түскен мәтіндік және дауыстық өтініштерді тіркейді және олар бойынша консультациялар береді, қажет болған жағдайда өтініштерді 2-желіге бағыттайды.

2-желіде талдаушылар келіп түскен өтініштерді техникалық қолдау бойынша талдауды, порталдарда және ақпараттық жүйелерде деректерді тексеруді жүзеге асырады. Бұл кезеңде өтінішті өңдеу мерзімі 2 жұмыс күніне дейін созылады. Қандай да бір өзгерістер немесе түзетулер енгізу қажет болған жағдайда өтініш 3-желіге беріледі.

3-желіге ЕРДО департаменттерінің қызметкерлері бекітілді, олар сұрау салуды жабу жөніндегі түсініктемені міндетті түрде көрсете отырып, қажетті жұмыстардың күрделілігіне байланысты 1-ден 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде сұрау салуларды пысықтауды қамтамасыз етеді.

Мәселен, 2024 жылы 140 мың консультацияның 116 мыңы 1-желіде өткізілді. 2-желіде техникалық қолдаумен 21 мың өтінім жабылды, ал 3-желіде – 3 мың өтінім жабылды.

Байланыс орталығына көбінесе зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, қызмет немесе тауар жеткізушілер, қамқоршылар, жұмыссыздар, әлеуметтік көмек алушылар, жұмыс іздеушілер, жұмыс берушілер жүгінеді.

Ең жиі қойылатын сұрақатар: зейнетақы мен жәрдемақы алу, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу, жұмыс орындарын субсидиялауға өтінім беру, электрондық еңбек шартын тіркеу, Әлеуметтік қызметтер порталында санаторийлік-курорттық емдеуді және жеке көмекші қызметін ресімдеу және т.б.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале