5.08.2024, 18:00
Оқылды: 164

Freedom Grants білім беру гранттарына өтінім қабылдау басталды

«Freedom Bank» «Freedom Grants» білім беру жобасын іске асырып жатқаны туралы хабарлайды. Биыл Банк талапкерлерге 400 грант бөлді.

70441AE6-34CF-4A7D-8B18-BDAFCD6B195D

Фото: pixabay.com

Freedom Bank грантына үміткер болу үшін Сізге:

1-13 тамыз – өтініш тапсырып және https://bankffin.kz/docs/universities_kk.pdf?v=1. 1 сілтемесінде көрсетілген ЖОО-ның қабылдау комиссиясына ҰБТ сертификатын қоса беру қажет;

14-18 тамыз – Instagram-да Банк парақшасын  @bankffin.kz   белгілей отырып, #FreedomGrants хэштегімен пост немесе рилс жариялаңыз.

Жазбада өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атауыңыз керек, неге осы мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;

21 тамыз – Банктің @bankffin.kz ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен Freedom Grants иелерін анықтау өтеді.

Grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ ЖОО қабылдау комиссияларында іріктеудің толық шарттарымен танысуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале