"Пхукетке демалысқа барған 57 жастағы Қазақстан азаматы демалысының бірінші күні суға батып кетті", - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Фото: pixabay.com
Таиланд ақпарат құралдары мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полицейлердің айтуынша, турист қонақүйге кіргеннен кейін бірден жағажайға шыққан. Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына облыстық жедел жәрдем орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, ел қонағы суға батып өлгенін хабарлаған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы курортта ел азаматының қайтыс болғаны туралы ақпаратты растап, оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жоқ екенін айтты.