"Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті", - деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді.
Есеп - 3:1.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық сынына өту үшін бар күшін салады.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады.