Орал қаласындағы №44 "Мерей" балалар бақшасының саз жетекшісі Темірова Эльмира Үмбетқалиқызы – өз ісіне нағыз берілген жан. Ол баулыған балғын әншілер қатарынан оза шауып, республикалық сайыстарда жоғары жүлде алып жатыр.
Жақында ғана республикалық «Дарын-2016» байқауының облыстық кезеңінде Эльмираның шәкірті, 5 жасар Жансая Нұртілекқызы жүлделі ІІ орын алды.
Ал Астана қаласындағы «Қазақстан патриоты» ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» атты өнер байқауына қатысқан №44 Мерей балалар бақшасының хоры (жетекшісі – Э.Темірова) Бас жүлдені жеңіп алды!
Біз білікті маман, мықты ұстаз Эльмира Үмбетқалиқызын шәкірттерінің жеңісімен және бүгінгі кәсіптік мерекесімен құттықтаймыз
Қазыбек Құттымұратұлы
www.zhaikpress.kz