7.08.2024, 11:15
Оқылды: 170

«Мемлекеттік қызметкердің үнемі назарда ұстап отыратын бұлжымас қағидаларының бастысы – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» – Мұратбек Қасымов

Сыбайлас жемқорлығы етек алып, тамыр жайған елдің болашағы бұлыңғыр болады. Қай кезде де әр отандасымыз осы жегіқұртқа қарсы тұратын имунитетті қалыптастыру қажет. Қоғам болып айыптап, ел болып тамырына балта шабу сіз бен біздің бұлжымас борышымыз. Осы орайда жемқорлықты қалай анықтаймыз, қайдан білеміз деген сұрақ туындауы мүмкін. Ол біздің күн сайын байқай бермейтін, байқасақ та басты шайқай бермейтін көрініс. Жемқорлық – ең бірінші сапасыз білім, өресі жетпей тұра таныс арқылы жұмысқа орналасып, орнынан босағысы келмейтін біліксіз мамандар, мүгедек медицина, шұрқ-тесік жолдар және осы сипаттағы тағы да басқалары. Аталғандарды көзбен көріп, әділдікті талап етпеу көсегемізді көгертпейді. Осы бағытта үгіт-насихат жұмыстарына жіті мән беріп, дендеп бара жатқан дертке тосқауыл қоюмыз тиіс.

5EE253F2-A08C-4F72-8C8A-2E5D37B7244F

Теректі ауданына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов келді. Аудан әкімдігінде жиын өтіп, комиссияның 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ІІІ тоқсандағы түйткілдердің тіні тарқатылды.

Мұратбек Жұмағалиұлы елге қызмет ету ең бірінші адалдықтан бастау алатындығын баса айтты. Содан соң аудандық ішкі саясат бөлімі мен ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Шаған ауылының әкімі Ербол Исеев:

D9B8B0C9-8D44-4616-8467-F837F6CDACEC

– Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, ауыл тұрғындары және де мекеме басшылары арасында жиі дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа жиі жол берілетін саланын бірі – салық түсімі, бюджеттің игерілуі айналасы. Шаған ауылдық округінде бюджет қаржысының игерілуіне тоқталсақ, 2024 жылға жергілікті бюджеттен 43 млн 521 000 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 11 млн 073 000 мың теңге салық түсімдерінің жоспары. Субвенциялар – 32 млн 448 000 мың теңге, - деді өз сөзінде.

Ербол Байжанұлының айтуынша, 2024 жылдың 6 айында салықтан түскен қаражат 11 млн 073 мың теңгені құраған. Жер салығы – 252 000 мың теңге болса, жеке меншік мүлік салығы – 230 000 мың теңге, жеке табыс салығы – 3 млн 959 мың теңге, заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы – 298 мың теңге, 6 млн 794 000 мың теңге көлемінде. Адамның парақорлыққа бірден еті үйреніп кетпесі анық. Яғни бүгінгі тұлға – кешегі ойын қуған бала. Міне, біз бұл індеттің опа бермейтінін мектеп оқушыларының санасына сіңіру үшін қолдан келгенді жасасақ қана нәтиже шығады. Шаған ауылында 5-7-сынып оқушыларына таныстыру заңнамалары таратылып, «Адалдық сағаты» шеңберінде бірнеше іс-шара ұйымдастырылған.

5B632868-16EB-4BB6-86F0-8ADAB45D743D

Бұдан бөлек қарапайым тұрғындарға 1500 жадынама берілген. Комиссия мәжілісінде Подстепный, Ақжайық, Шағатай, Теректі ауылдарының әкімдері осы мазмұнды ақпараттармен бөлісіп, ахуалды жеткізді. Есепке бағытталған жиыннан бөлек, Мұратбек Қасымов, Қазақстан инновациялық және телекоммунациялық жүйелер университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыхалықтық республикалық қозғалысының облыстық филиал директорының орынбасары Әліби Баяхов, аудан әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркібаев дербес бөлім басшылары һәм қызметкерлерімен жүздесті.

– Мемлекеттік қызметкердің алға қойып, үнемі назарда ұстап отыратын бұлжымас қағидаларының бастысы – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Мұны естен шығаруға болмайды, - деген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов пен мобильді топ мүшелері теректіліктерді қабылдады.

Аудандық мәдениет үйінде өткен қабылдауға 12 тұрғын жазылды. Подстепный ауылының тұрғыны Иса Дүйсеналиевті суға кеткен үй-жайы, теректілік Әсет Әубәкіровті жұмыс, мемлекеттік сатып алу мәселелері толғандарады. Сонымен қатар Шағатай ауылының Мағжан Уахитов есімді азаматы мемлекеттік қызметшіге төленбей қалған төлемдерді сақтандыру, зейнетақы төлемдерін төлеу жөнінде сұрақ қойды. Көпшілігі өздері алаңдаған су, тұрғын үй кезегі, жер мәселелері бойынша жауаптарын алды.

5679467A-9CCE-43A5-8F5C-13617DB80361

Аудан жұртының өзекті түйткілдері шешілуі үшін Мұратбек Жұмағалиұлы, Әліби Науханұлы, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев, бөлім басшысы Дәурен Мағзомов, облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Уап Жүнісов, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасы Жансұлу Төремұратова, «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының заңгері, ерікті Бауыржан Ахметжан, облыстық Азаматтық альянсының президенті Аслан Тапишев, аудандық Өңірлік палата филиалының директоры Саид Садаров, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Дидар Башаев, жеке сот орындаушысы Каримолла Хайров тырысып бақты.

Тұрғындар өтініштерін қағаз жүзінде қалдырып, аманаттады. Аманатқа қиянат жасалмауы да сыбайлас жемқорлықты жоюдағы істің алғышарты.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале