8.08.2024, 9:45
Оқылды: 74

БҚО-да 1,3 млн теңге қарызы бар борышкер ұсталды

БҚО-да полиция қызметкерлері 1,3 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция ЖП (жаңа фото)

6 тамыз күні БҚО ПД Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Suncar Smart Qorgau жүйесі арқылы «Hyundai» автокөлігін анықтап, иесін жауапқа тартты.

Тексеру кезінде оның облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырғаны және оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды.

Құқық бұзушы 2003 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Негізінен тәртіп бұзушылықтар жылдамдық режимінің асып кетумен байланысты болған. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құрап отыр.

Айта кету керек, жүргізуші айыппұл сомасының 50%-ын төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы.Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале