5.10.2016, 11:09
Оқылды: 68

«Қариялар – асыл қазынам!»

%d0%ba%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b8%d1%81%d0%b8%d0%b7-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%88%d0%b5%d0%ba«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында «25 игі іс» акциясы шеңберінде Казталов ауданы «Қошанкөл» бастауыш партия ұйымы 1 қазан Қарттар күні мерекесі қарсаңында ауылдағы  қарияларымызды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында ардагерлермен, жалғызбасты және аса қамқорлықты қажет ететін тыл еңбеккерлері, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдардың үйлеріне барды. «Нұротандықтар» қариялардың тұрғын-үй бөлмелерін жинау, ауласын абаттандыру, медициналық көмектер және т.б. қолғабыс ету үшін партиялық белсенді топ құрып, адрестік көмектер көрсетіп, кездесулер өткізді.

«Қошанкөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мирбол Адаялиев бастаған топ мүшелері ең алдымен еңбек және тыл ардагерлері, «Батыр аналар» ҰлжанИманғалиева мен ҒазизаСеленоваменкездесті. Кездесу барысында ақ жаулықты батыр аналарымыз өз өмірлерінен естеліктер айтып, маңдай терімен бүгінгі жеткен жетістіктері туралы ой бөлісті. Партия мүшелері аналарымыздың мәнді де мағыналы әңгімелерін тыңдап тәнті болды.

Сондай-ақ партия мүшелері І топ мүгедегі Жасболат Қуанғалиев пен ауыл тұрғындарыЖұмақан Қибашева мен Хиуа Шоқпытова  апаларымыздың үйіне арнайы барып медициналық көмек көрсетті. Қамкөңіл жандарға БПҰ атынан сый-сияпаттар ұсынылып, шағын концерт қойылды.

«Бұндай шаралар жылдар бойы «Қошанкөл» БПҰ мүшелерінің басты назарында. Атаулы әлеуметтік көмек халықтың әлсіз топтарына ғана көрсетілуі керек. Мемлекетті қолдау ең алдымен азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді араластыруға бағытталады. Сондай-ақ аталмыш шаралар ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту мақсатында жасалады, - деді өз сөзінде «Қошанкөл» БПҰ төрағасы Мирбол Ғибатоллаұлы.

Кездесулер барысында барша қариялар ауыл округі әкімдігі мен бастауыш партия ұйымына, Мәдениет үйі қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын айтып, «Осындай жақсы күндер көп болып, еліміз бен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын», - деген жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, 2002 жылы құрылған қазіргі таңда 135 партия мүшесі бар «Қошанкөл» бастауыш партия ұйымы 2015 жылы облысымыздағы «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының жеңімпазы.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале