10.08.2024, 21:33
Оқылды: 187

"Жайық жастары" фестивалі басталды

Қадыр Мырза Әли орталығының амфитеатры, тамаша көңіл-күй, өңір аудандары мен Орал қаласынан жиылған жастар, бұл - "Жайық жастары" фестивалінің ашылуы. Абай күнімен тұспа-тұс келген фестиваль басында жастар ақынның "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Екі күнге созылатын фестиваль көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

кино
Облыстың жалынды жастарының басын қосқан мерекенің ашылуында қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Кадралиев сөз сөйлеп, жиылғандарды фестивальдің ашылуымен құттықтады.

- Мемлекетіміз жастарды қашан да қолдайды. Ол үшін түрлі бағдарламалар қолға алынды. Екі күнге созылатын фестивальдің өзі жастарға көрсетілген қолдау. Еліміздің дамуына үлес қосуға дайын жүретін, бастамашыл азаматтар біздің болашағымыз. Абай атамыздың күнімен тұспа-тұс келген фестиваль құтты болсын. Өздеріңдей ел болашағына алаңдайтын жастар көп болсын, - деді Дархан Кадралиев.

Айта кетейік фестиваль аясында шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен мықтылар анықталады. Сондай-ақ эстрадалық ән, ұлттық би, сурет салу, терме, үздік ақын сияқты өнер және ғылыми жоба, үздік мобилограф, пікір сайыс турнирі секілді білім аталымдарының үздіктеріне де құрмет көрсетіледі.

Фестиваль ашылуының соңы жайдарман ойынына ұласты. Оған облыс аудандары мен көршілес Ақтөбе облысының командалары қатысты.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале