Бүгін Богданов ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Сонау 1934 жылы іргесі қаланған өңірдің тойы — көпшілікке ортақ. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауылда 211 адам түтін түтетіп отыр.
Қатпар-қатпар тарихтың беттерін парақтап, ауылдың өткені мен бүгінінен мағлұмат берген шара барысында Богданов ауылдық округінің әкімі Асқар Нұрғалиев және басқа да меймандар сөз алып, атаулы мерейтоймен көпшілікті құттықтады.
Алғабастың торқалы тойында киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар мен түрлі жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар өнерпаздар өнерлерін ортаға салды. Жиналған халық әсем әнге құлақ құрышын қандырып, көңілдері марқайып тарқасты.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz