15.08.2024, 15:30
Оқылды: 123

БҚО шаңғышылары Әлем кубогінде сәтті өнер көрсетіп жатыр

Ақмола облысының Шуцинск қаласында шаңғы-ролерінен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Тамыздың 13-і күні басталған байрақты бәсекеде елімізден бөлек Италия, Швеция, Тайпэй, Латвия, Норвегия, Қырғызстан сияқты елдерден келген спортшылар бақ сынап жатыр.

278A8F12-A6F7-4F66-B535-5EBCD951D85C

Жарыстың екінші күні спортшылар командалық спринт қашықтығында жарысты. Ұшқыр шаңғышылар бәсекесі тартысқа толы болды. Бұл сынға әр ел екі команда шығарды.

Қорытындысында Қазақстанның бірінші командасы жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орын Италия құрамасына бұйырды. Ал үшінші орын үшін соңына дейін Италияның екінші командасымен Қазақстан құрамасының екінші командасы таласты.

7CD121B3-4584-48D1-80BD-63A450A96417

Соңғы сәтте намысқа тырысқан біздің команда өкілдері жеңісті жұлып алды. Әлем кубогінде қола еншілеген құрама сапында біздің облыстың шыңғышысы Еділбек Елубаев бар.

– Биыл қысқы маусымда облыс шаңғышылары жаман өнер көрсеткен жоқ. Маусым басындағы басты жарыс осы – Әлем кубогі. Еділбек ел қоржынына қола медаль салуға атсалысты. Енді 10 шақырымға классикалық және 20 шақырымдық еркін әдіс жарысы өтеді. Ол сында Дамир Қабекесов пен Алдияр Исаев, Жанерке Тудахунова сынды облыс шаңғышылары ел намысын қорғайтын болады, - дейді шаңғы жарысынан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Хайруллин.

Айта кетейік, әлем кубогінде ел құрамасы сапында Еділбек Елубаев, Дамир Қабекесов, Жанерке Тудахунова және Алдияр Исаев сында облыс шаңғышылары бар.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале