16.08.2024, 9:00
Оқылды: 225

Ақжайық ауданында құрылыс қарқынды

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы дейсіз бе, әлде жеке құрылыс па, әйтеуір Жайықтың қос қапталын тең жайлаған алып ауданымызда баспана салу қарқыны жылдан жылға үдеп келеді.

444D2F69-B0D3-4440-ABE7-DD4CF99C11DB

Соның ішінде тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топтарға басымдық берілуде. Айталық, биылғы жылдың басында аудан орталығында пайдалануға берілген 24 пәтерлік қос үйден қоныс тапқандар – осы санаттағы жандар.

Қазір Тайпақ ауылындағы тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып, іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Дәл қазір құрылыстың нағыз қызған шағы.

Негізінен, биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін сегіз елді мекенде 37 баспана салу жоспарланды.

D8DD4E01-E658-41A5-8E67-EFC3D9DDA97F

Атап айтсақ, Чапаевта – 8, Тайпақта – 17, Алғабас, Алмалы, Бударин, Жаңабұлақ, Мерген, Жұбан Молдағалиев ауылдарында екі-екіден үй салынбақ.

Атап өтерлік жайт, бұл үйлердің бірде бірінің құрылысына бюджеттен қаражат бөлініп жатқан жоқ. Бәрінде жеке кәсіпкерлер өз қаражатына салып жатыр.

Құрылыс жұмысы аяқталып, талаптарға толық сай келетіні расталғанда ғана, баспананы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілеріне қосып, республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа жергілікті атқарушы органның меншігіне сатып алынады.

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале