16.08.2024, 16:00
Оқылды: 233

Оралда көше жолдарын жақсарту мақсатында бірқатар жоба жүзеге асып жатыр

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев жол жөндеу жұмысының барысын тексерді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

41083B8F-1568-466D-86BC-EEC992BAF1A5

Суреттер: видеодан скрин

Қазіргі уақытта «Ескі әуежай» шағынауданындағы Евразийский көшесінде жол жөндеу қарқын алған. Аталған көшеге автомобиль жолымен қатар, жаяу жүргінші жолы салынады және жарық бағаналарын орнатылады. Бұл көшедегі барлық жұмыс алдағы екі аптада аяқталу қажет. Сондай-ақ «Екінші жұмысшы ауылы» шағынауданында осыдан бірнеше жыл бұрын басталған Жақсұғұлов көшесін жөндеу қайта жанданды. Аталған көшені реконсрукциялау жұмысын 1 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген.

Биыл қала әкімдігімен кейбір шағынаудандардың ішкі орам жолдарын жөндеу қолға алынған. Қазіргі уақытта 4-ші, 6-шы, «Солтүстік-Шығыс» және «Құрылысшы» шағынаудандарының ішкі орам жолдарын орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар келесі жылға ауыспалы, яғни жоспарланған жұмыс 2025 жылы толық аяқталады.

DA56D7A2-B80D-424B-86A8-C30CB4F9A0BB

Сондай-ақ Деркөл кентінің Сарыарқа шағынауданында жол құрылысы жүргізілуде. Бұған дейін аталған шағынауданда 34 көшеге асфальт төселген болатын. Биыл қалған 14 көшеге жол салынады.

Жол жөндеумен «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектепке дейінгі көшелер де қамтылады. Сонымен қатар жаңа мектептің алдына автотұрақ салу қарастырылған.

558FB488-DFC4-4858-ADB0-28AED890A69C

Нысандарды аралау барысында Жандос Дүйсенғалиев мердігерлермен жол жөндеу кезінде туындаған мәселелерді талқылап, барлық жұмысты мерзімінді аяқтауды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале