16.08.2024, 17:45
Оқылды: 236

Шыңғырлаулықтар қалалық спартакиадада үздіктер қатарынан көрінді

Спорт күні мерекесіне орай Шыңғырлау аудандық және қалалық спорт клубы қызметкерлері арасында ашық қалалық спартакиадасы өтті.

C8E20339-08D8-4C7F-9293-908274823C73

Жарыстың негізгі мақсаты – аудандар арасында достық қарым-қатынас орнату, бұқаралық және ұлттық спортты дамыту.

Жарыс асық ату, бес асық, волейбол, футбол, арқан тартыс және үстел теннисі түрлері бойынша жүргізілді. Бұл жарысқа әр ауданнан жиналған 13 команда қатысты.

Тартысты додада Шыңғырлау ауданының спорт қызметкерлерінен құралған команда үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.

D46F4394-3B35-4CA4-B533-26DE9C6A1446

Асық ату бойынша ерлер командасы арасында жүлделі ІІ орынды иеленді. Ойын көрсеткен спортшылар: Мейірман Мендалиев, Азамат Қарабаев, Санат Саматов.

«Бес асық» ойыны бойынша әйелдер арасында жүлделі ІІ орынды Шынар Жолдыбаева жеңіп алды. Сонымен қатар аудан командасы үстел теннисі бойынша әйелдер мен ерлер арасында жүлделі ІІ орынды иеленді. Ойын көрсеткен спортшылар: Санат Саматов, Мирлан Хибатов және Камшат Тулеушова.

Арқан тарту бойынша IV орыннан көрінсе, волейболдан жүлделі ІІ орынға ие болды.

Футболдан жүлделі ІІ орынға қол жеткізіп, жалпы командалық есеп бойынша 165 ұпаймен алға шығып, І орынды иеленді. 

Жәнібек Ишекенов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале