17.08.2024, 10:00
Оқылды: 92

Оралда «Спорт күні» аталып өтті

Қадыр Мырза Әли атындағы шығаршылық орталығының амфитеатрында «Спорт күні» мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

IMG-20240817-WA0025

Фотолар авторы: Мәди Салық

Оған спорт ардагерлері, спорттық ұйым қызметкерлері, өңіріміздің үздік спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты.

IMG-20240817-WA0023

Ерекше шара басында көпшілікке облыс орталығындағы спорт мектептерінің жетістігі паш етілген көрме ұсынылды.

IMG-20240817-WA0026
Алаңға жиылған ағайын өңір жас спортшылары жеңген медальдарды тамашалай алды.

IMG-20240817-WA0030

Әсіресе, медальға қызыққан жас балалар спорт мектептеріне қалай жазылуға болатынын сұрап, қызығушылық танытып жатты.

IMG-20240817-WA0021
Спорт мерекесін көппен бірге атап өтуге облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев келді.
- Мемлекетіміздің басты стратегиясы бұқаралық спортты дамыту. Сол жоспарды іске асыру аясында бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Дені сау, белсенді, рухты да намысты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, спортты әр адамның өмірлік серігіне айналдыру, спортпен айналысушылар санын көбейту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Өңірімізде тұрғындардың спорттық іс-шараларға жаппай қатысуын қамтитын жеңіл атлетикалық жүгіріс, велобәйге, көңілді сөре, отбасылық сайыс сынды бұқаралық шаралар өткізіліп тұрады. Бұл спортпен шұғылданатын тұрғындардың санын ұлғайтуға үлкен септігін тигізуде. Биыл жаңа заман талаптарына сай келетін дене шынықтыру, сауықтыру кешенімен барлық 12 аудан қамтылады. Облыс орталығында спорт кешені салынып жатыр. Ірі ауылдық округ орталықтарына да мәдени-спорттық кешен салуды қолға алдық. Ол өз кезегінде спортпен тұрақты шұғылданушылар санын өсіруге сеп бодады. Баршаңызды "Спорт күні" мерекесімен құттықтаймын. Жеңісті күндеріміз көбейе берсін, - деді Қайыржан Ермекұлы.

IMG-20240817-WA0019
Одан соң өңір әкімінің орынбасары Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев спорт ардагері, облыстық дене шынықтыру және спорт ардагерлері кеңесінің мүшесі, Президенттік көпсайыстан және Президенттік тесттен ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Владимир
Мельниковке «Еңбек ардагері» медалін табыстады.

Сондай-ақ «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен спорт ардагері, садақ атудан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Плотников пен облыстық байдарка мен каноэ және академиялық есу федерациясының президенті Юрий Казанин марапатталды. Одан бөлек спорт ардагері, байдарка мен каноэ есуден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виталий Астафьевке "Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі табыс етілді.

IMG-20240817-WA0027(1)

Салтанатты жиында бірқатар спортшы мен бапкерлер облыс әкімдігінің алғысхаттарына ие болды.

IMG-20240817-WA0018
Шарада спорттың дамуына өзіндік үлесін қосқан бір топ азаматтың кеудесіне БҚО-ның үздік спорт қызметкері төсбелгісі тағылды.

Түгелбай Бисен, 

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале