18.08.2024, 22:19
Оқылды: 143

«Шекарашыларға бір сәт те босаңсуға болмайды»

Қай елдің болмасын мемлекеттілігін айқындайтын оның шекарасы екені белгілі. Бес мемлекетпен шектесетін Қазақстан достық пен татулықтың ерекше үлгісін көрсетіп отыр. Себебі 15 мың шақырымнан асатын шекара бойында антқа берік, рухы асқақ өздеріңіз секілді азаматтар еңбек етеді. Азаттықтың ақ таңы атқалы жаңаша қалыптасқан қырағы қызмет заман талабына сай жасақталып, жыл санап қанат жайып келеді.

IMG-20240815-WA0356

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді» деп жазғаны белгілі.

Қол жеткен азаттықты елдің мықты әскері ғана қорғай алады десек, халық тыныштығын қамтамасыз ету – әрбір азаматтың абыройлы міндеті, перзенттік парызы. Осы тұрғыда кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған шекарашыларымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар. Жауынгерлеріміз өздеріне артылған жүкті абыроймен көтеріп келеді. Мұны Бейбітшілік ауылдық округінде орналасқан "Махамбет" шекара бөлімшесінің басшылары да атап өтті.

IMG-20240815-WA0354

Айта кетейік, бұл бөлімше 2003 жылы құрылған. Қаізр мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген әскерилер қызметін өткеруде. "Махамбет" шекара бөлімшесінің басшысы Жасұлан Егізтаевтаевтың айтуынша, мұндағы жұмыс жауапкершілікті, жеделділікті, адалдықты, төзімділікті талап етеді.

-Бала кезімнен әскери адам болуды армандап, өмір жолымды осы арнаға арнадым. Б.Момышұлы атындағы әскери мектебінен соң Алматыдағы ҚР ҰҚК Шекара академиясын тәмамдадым. Еңбек жолымды Ақ Жайық өңірінен бастадым. Жәнібек ауданындағы шекара қызметінде жұмыс істедім, бөлім бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары болдым. "Шалқар» шекара бөліміне жетекшілік еттім. 2022 жылдан бері “Махамбет» шекара бөліміндемін. Соңғы кезде шекарадан заңсыз өтетінде саны артып келеді. Осы жылдың басынан бері 50-ден аса шекараны бұзу фактілері тіркелді. Олардың бәріне тиісті шара қолданылды.

IMG-20240815-WA0355

Жалпы алғанда, қазіргі кезде алыс-жақын шетелдерде болып жатқан түрлі жағдайлар біздерге, шекарашыларға бір сәт те босаңсуға болмайтынын көрсетіп отыр. Сол себепті еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда артылар сенім зор екенін түсінеміз.

Осынау кәсіби мерекемізге орай қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істе әріптестеріме табыс, мықты денсаулық, шаңырақтарына амандық тілеймін. Еліміз тыныш, шекарамыз берік болсын! - дейді Жасұлан Егізтаев.

Салтанат Зұлқарнаева, 

Бәйтерек ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале