21.08.2024, 9:45
Оқылды: 140

Биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болды

Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

C9EEAA26-A679-49F6-ADCB-9E883D0B306A

Фото: pixabay.com

«Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 734 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам қаза тапқан, 799 адам жараланған», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Биыл мопед жүргізушілерінің 53 мыңнан астам құқық бұзу дерегіне қатысы болған.

Айта кетейік, шілде айының аяңында елдегі айыппұл тұрақтарында 5 мың мопед тұрғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жыл басынан бері шағын көлік тізгіндеген жасөспірімдер неше рет жол апатына түскенін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале