22.08.2024, 9:00
Оқылды: 100

Сырымдық ардагерлер облыстық спартакиадада бақ сынады

Елімізде бұқаралық спортты дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру жөніндегі саясатты насихаттау, зейнет жасындағы ардагерлерді спортпен айналысуға ынталандыру мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Орал қаласында төртінші облыстық спартакиада өткізілді.

1F831C97-39C0-47D7-B768-341F3DCF7438

Жарысқа қатысқан ардагерлер волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен бақ сынады. 

Сайысқа облыстың он екі ауданы мен Орал қаласының зейнеткер ардагерлері қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге сәттілік тіледі

– Екі күнге созылған тартысты ойында сырымдық ардагерлер спорт түрлерінен нағыз шеберліктерін көрсетті. Мәселен, әділ қазылардың шешімімен тоғызқұмалақтан Қанапия Қайапбергенов   жүлделі І орынға ие болса, дойбыдан Өтеулі Қонақбаев ІІ орын, үстел теннисінен Нұртаза Жұмағалиев ІІІ орынға ие болып, арнайы ақшалай сыйлық, диплом мен медальдармен марапатталды, - деп хабарлады Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев.

Жалпы командалық есепте Сырым ауданының ардагерлер командасы жүлделі екінші орынды жеңіп алып, арнайы диплом және 150 мың теңгелік қаржылай сыйақымен марапатталды.

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале