21.08.2024, 23:50
Оқылды: 116

Діни ахуал мәселесі талқыланды

Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Отырыс күн тәртібінде ауданның діни ахуалына қатысты мәселелер қарастырылды.

IMG-20240821-WA0099

Аудандық жастар ресурстық бөлімінің басшысы Медет Каресов жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Оның айтуынша, осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыратын арнайы жұмыс тобы құрылған. Бес адамнан тұратын жұмыс тобы мектеп оқушылары, колледж студенттерінен бастап, жастар мен ауыл тұрғындары арасында діни сауаттылық бойынша іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Санға шағып айтсақ, жыл басынан бері 5000 тыңдаушыны қамтыған 67 шара өткізілген.

Аудан бойынша жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар тіркелген жоқ. Жамағатпен де жұмыс жақсы жолға қойылған. Мешіт жамағаты ауданда өткізілетін қоғамдық мәдени-спорттық шараларға атсалысуда, – дейді баяндамашы Медет Болатұлы.

Содан соң Бисен, Мұратсай, Сайқын ауылдық округтерінде қалыптасқан діни ахуалды сауықтыру бойынша атқарылған нақты жұмыстар туралы аталмыш ауылдың әкімдері де баяндама жасады.

- Дін жолындағы әрбір азаматтың жүріс-тұрысы, ортасы, жанұясымен қарым-қатынасын назарға алып, қадағалауымызда ұстауымыз керек, – деді мәслихат хатшысы Лариса Телманқызы.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов осы мәселе бойынша жауапты деп танылған сала басшыларына тапсырма берді.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале