«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сурет: kursiv.media
«Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі», — деп жазды ұлттық компаниядан.
Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.