Жалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары Қараөзен өзені жағалауын тұрмыстық және қатты қалдықтардан тазалау мақсатында «Таза жағалау-2016» экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Өзен маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, демалыс мекендерін ластап кететіні жасырын емес. Осы мақсатта К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің оқытушылары мен оқушылары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай «Таза жағалау-2016» экологиялық акциясы оздырылды.
Акцияның мақсаты - ауыл іргесіндегі Қараөзен өзені жағалауының экологиялық ахуалын жақсарту, жас ұрпақты туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен әрі ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Сондай-ақ әрбір тұрғынның қоршаған ортаны сақтау мен оны қорғауға жауапкершілігін арттырып, туған өлкеміздің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуға дағдыландыру болып табылатын. Ұстаздар мен мектеп оқушылары ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді. Өзен жағалаулары қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды.
Тұрарбек Ақмурзин