27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Перу астанасы Лимада жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Әлемдік додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Лима төрінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Жетісайыс
Алина Чистякова, Ирина Конищева
110 метрге кедергілер арқылы жүгіру
Богдан Гончаров
100 метрге кедергілер арқылы жүгіру
Кристина Ермола
Биіктікке секіру
Фаина Мейірманова
Айта кетелік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты осымен 20-рет өткелі отыр.