28.08.2024, 12:45
Оқылды: 56

US Open: Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина екінші айналымға жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп жазады Olympic.kz.

C4D7C0E5-30DC-48FB-86D9-70F1F2612C6B

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда австралиялық Дестани Айавамен сынға түсті. Бұл қос қарсыластың өзара алғашқы кездесуі еді.

Бірінші партияда Рыбакина қос брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейкпен алға шыққанымен, ізінше өз геймін беріп қойды – 4:4. Есеп 5:6 болып, Елена доп бергенде, Айава үш сетболын пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте Рыбакина сәтті ойнады – 7:6 (7:1).

Елена Рыбакина АҚШ біріншілігінің үшінші айналымына шығу үшін франциялық Джессика Поншемен кездеседі

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 25-ракеткасы, 19 жастағы чехиялық Линда Носкованы жеңді.

Носкова өткен аптада Мексикадағы Монтеррей WTA 500 турнирінің чемпионы атанып, әлемдік рейтингіде 35-тен 25-ке көтеріліп, жеке рекордын орнатқан еді.

Тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте таразы басын өзіне аударды – 7:6 (7:4). Екіншісінде 6:4 есебімен жеңісті түйіндеді.

Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале