Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 24 шілде күні «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру бойынша өткізген жиналысында білім беру ұйымдарындарындағы оқушыларды, студенттерді және мектептер мен колледждердің мұғалімдерін қаржылық сауаттылыққа оқыту туралы хаттама дайындады.
Соған сәйкес, 26-29 тамыз аралығына жоспарланған білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына «Қаржылық сауаттылық» курсы басталды.
Бүгінгі нарықтық қоғамда мұғалімдер үшін өткізіліп жатқан курстың маңызы зор.
Рая Жұмағалиева
Жаңақала ауданы