29.08.2024, 15:00
Оқылды: 152

Жемқорлықпен қалай күресеміз?

Біраз уақыт алдын әлем үлкен дертпен күрескен-тұғын. Корновирус әлемді әбігерге салып, қанша жанды қыршыннан қиды. Адамзат кенеттен келген аурумен арпалысып, жан алысып, жан берісті. Қазір сол дерттің ізі де қалмады. Адамның ақылы, айласы мен амалы дертті жеңді. Қазір кебіреулер ондай деттің болғанын ұмтытып та кеткендей.

ЖП Сыбайлас

Адам өмірге келгелі осындай қаншама дертті жеңіп, жойып жіберді. Бірақ жемқорлық деген дертті әлі жеңе алмай келеді. Осынысы қызық?!

Соңғы кездері Еуропалық Одаққа мүше елдердегі cыбaйлac жемқорлық жағдайы ушығып барады деген жаңалық желдей есіп жүр. Жемқорлық деңгейі мамандар мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы соңғы он жылдан астам уақыт ішінде ең жоғары деңгейде жетті дейді. Мұндай қорытындыны Transparency International сарапшылары шығарған екен.

Transparency International ұйымы «Cыбaйлac жемқорлықты қабылдау индексі» атты жылдық есебін жариялады. Зерттеуде 180 мемлекеттің ресми органдарында cыбaйлac жемқорлық деңгейі нөлден (өте жоғары) 100-ге дейін (өте төмен) көрсеткіш бойынша бағаланған.

Қорытынды бойынша Дания алтыншы жыл қатарынан әлемдегі жемқорлары аз ел деп танылды. Нәтиже бойынша рейтингте бірінші орында көш бастап тұр. Одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Финляндия мен Жаңа Зеландия мемлекеттері еншілеген.

Қазақстан 39 ұпаймен 180 елдің арасында 93-ші орында тұр. 2022 жылдан бері жемқорлықпен күресті 3 ұпайға жақсартқан. Өзбекстан 33 ұпаймен 121-орында тұр. 1 жыл ішінде 2 ұпайға позициясын көтерген. Қырғызстан 26 ұпаймен 141- орында тұр. Көш соңында Тәжікстан 20 ұпаймен 162-орынды иемденген. Ал Түркіменстан 18 ұпаймен 170-ші орынға жайғасқан.

Әрине көршілердің халіне қарап бізде бәрі жақсы екен деуге де болады. Бірақ артымызға емес, алдымызға қарайықшы. Бізден тозғандар қаншама? Неге солардың қатарынан табылмасқа деген ой келеді. Ал оны қалай іске асырамыз деп небір ойшылдар бас қатырып жатыр.

Жемқорлықпен күресу үшін мемлекеттік деңгейде ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Дегенмен бүгінгі жемқорлықты жою үшін ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын бүлдіршіндерді дұрыс тәрбиелеу маңызы болмақ. Өйткені болашақта олардың ойы азат, танымы кең болуы шарт. Сонда Данияның қатарынан табыларымыз сөзсіз.

Енді әлем елдерінің осы дертпен қалай күресіп жатқанын бағамдап көрелік. Мысалы Францияда пара алғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал билікті асыра пайдаланғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айыппұл 1 миллион доллардан асуы мүмкін. 

Ұлыбританияда пара алушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сонымен қатар ол жеті жыл мерзімге кез келген мемлекеттік қызметке сайлану құқығынан айырылады.

Германияда шенеунік бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал судья 10 жылға сотталуы мүмкін. Сондай-ақ шенеуніктер пара алғаны үшін жұмыстан босатылып, айыппұлдар қарастырылған. 

Италияда жемқор судьяларға бұдан да қатаң жаза қарастырылған – 6 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Басқа шенеуніктер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, cыбaйлac жемқорлыққа жол берген шенеуніктерге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады.

Әлемдегі ең аз жемқор елдердің бірі Финляндияда cыбaйлac жемқорлық үшін ең жоғары жаза төрт жылға бас бостандығынан айыру және айыппұл бар. 

Сингапурдың тәжірибесі cыбaйлac жемқорлықпен өлім жазасынсыз сәтті күресуге болатындығын үйретеді. Сингапурда пара алғаны үшін бес жылға, кейбір ерекшеліктерде жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл ел әлемдегі cыбaйлac жемқорлық деңгейі төмен елдердің бірі саналады.

Парақорлықпен күресу үшін бірқатар шаралар қолданылды. Шенеуніктер мен судьялар жоғары жалақы алады және жыл сайын кірістерін, сондай-ақ туыстарының кірістерін декларациялауы керек екен.

Демек жемқорлықты жеңудің ең басты жолы – жазалау емес, табысыңыздың адал екен көрсетіп отыру. Біздің елімізде осы бойынша декларация тапсыру жұмысы кезең-кезеңмен іске асып жатыр. Кей кезде осының не керегі бар деушілер табылып жатады.

Дегенмен әлем елдерінің жемқорлықты жеңудегі басты қағидаты осы ашықтықта жатырғанын байқап отырмыз. Демек біздің жемқорлықпен күрес жолындағы қадамымыз дұрыс деуге болады.

Декларацияға дұрыс қарап, табысымызды ашық көрсете алсақ алдағы жылдары біздің елде парасыз қоғамның үзіктерінің қатарынан табылады деген үміт мол.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале