Әлеуметтік жағынан қорғалмаған, тұрмысы төмен отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы аясында Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Саламат Серікұлы өз сайлау учаскесінде орналасқан жатақханалардың 15 тұрғыны мен Сарыкөл елдімекеніндегі екі оқушыға қаржылай сертификат табыстады.
Материалдық қолдауға ие болған оқушылар аудан орталығында орналасқан кеңсе тауарлары дүкенінен жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарын алады.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы