29.08.2024, 19:00
Оқылды: 108

Жаңақалада кезектен тыс сессия отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәслихат төрағасы Қамбар Қаменовтың төрағалығымен аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессия отырысы болды.

86053999-15F7-413A-8610-AE13ECBC8DFF

Оған аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, шешім жобасы 2024 жылдың 13 тамыздығы «Батыс Қазақстан мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №8-1 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес жасалуы жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндап, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жергілікті бюджеттен аудан бойынша мектеп, мектепке дейінгі мекеме және қосымша білім беру мекемелері маңындағы жол инфрақұрылымын дамытуға 2 532,0 мың тенге, аудандық аурухананың төрт дәрігеріне жеке тұрғын үй қорынан үй жалдау үшін 1 750,0 мың тенге, жол белгілерін сатып алуға 2 000,0 мың тенге, Қызылоба, Пятимар, Бірлік, Қырқопа ауылдарындағы ауыз су қондырғысына төрт дана ұңғыма сорғысын сатып алуға 655,0 мың теңге, көпқабатты үйлердің кәріз жүйесіне қызмет көрсетуге 2 500,0 мың теңге, Жаңақазан ауылдық мәдениет үйінде орналасқан модульдік кітапханаға жай жөндеу жұмысына 12 255,0 мың теңге және Көпжасар ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге сметалық құжаттарын жасатуға 4 536,0 мың теңге бөлініп, өзгерістер енгізілгенін айтып өтті.

36A4EF2A-D95D-4439-B25F-71D6D260AE1A

Келесі қозғалған мәселе – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов хабарлама жасап, аталмыш мекеме қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілетіндігі сөз болды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №33-1 «Жаңақала округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау» шешіміне өзгерістер енгізу және 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-11 «Жаңақала учаскелік комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алтынбек Шайхиев хабарлама жасады.

Сессияда қозғалған мәселелер шешімі депуттаттар тарапынан қолдау тапты.

Фариза Эдикқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале