30.08.2024, 11:13
Оқылды: 24

ҚР Конституциясы күніне орай БҚО Полиция департаменті және күштік құрылымдар арасында турнир өтті 

БҚО Полиция департаменті және "Орал" спорт клубының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай арқан тартыс және гір спортынан БҚО Полиция департаменті және күштік құрылымдар арасында турнир өтті.

IMG-20240830-WA0013

Турнирдің ашылу салтанатына БҚО полиция департаменті Арнайы және жедел жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция полковнигі Әзілхан Қайырханов, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО Динамо дене шынықтыру және спорт қоғамдастығы төрағасының орынбасары Павел Ставкин, “Орал” спорт клубының директоры Орынбасар Гилымов, 99250 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс батальон командирі, подполковник Нұрлан Сулейменов, Жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Серік Қартабаев, Батыс өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы, полковник Бақтияр Қалдыбеков қатысты.

IMG-20240830-WA0014

Құттықтау сөз алған қонақтар 30 тамыз ҚР Конституциясы күнімен құттықтап, еліміздің тыныштығы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға сәттілік тіледі.

IMG-20240830-WA0015

Жарысқа 7 команда қатысып, бақ сынасты:

- БҚО Полиция департаменті құрама командасы;

- БҚО бойынша атқару жүйесі департаментінің құрама командасы;

- Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының құрама командасы;

- Төтенше жағдайлар департаменті құрама командасы;

- 5517 әскери бөлімінің құрама командасы;

- 5515 “Бүркіт” жасағы;

- 99250 әскери бөлімнің құрама командасы.

IMG-20240830-WA0012

БҚО Полиция департаменті қызметкерлерінен құралған команда арқан тартыс ойынынан бас жүлдеге ие болды.

IMG-20240830-WA0016

Гір тасын көтеру спорт түрінен ұйымдастырылған турнирде 70 салмақ дәрежесінде 3 орын, 80 салмақ дәрежесінен 2 орын және + 90 салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді.

IMG-20240830-WA0017

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер “Орал” спорт клубының атынан кубок, диплом, медальдармен марапатталды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале