Қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Суреттер: Туризм және спорт министрлігі
Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын (J2 категориясы).
Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров (пара пауэрлифтинг) алтынға қол жеткізді.
Мерген Еркін Ғаббасов пен суда жүзуден Нұрдәулет Жұмағалидің еншісінде күміс, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар.