Бүгін шекара қызметкерлері Тасқала аудандық кітапхана ғимаратында бас қосып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылады.
Аталмыш жиында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айгүл Дүйсенова баяндама жасап, Жолдауда көтерілген мәселелерді тілге тиек етті.
Әр бөлімге арнайы тоқталған Айгүл Серікбайқызы елімізде бұған дейін де айқындалған міндеттердің нақты орындалғанын айта келіп, бұл жолғы Президенттің Жолдауын да жүзеге асыру ортақ міндет екенін жеткізді.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы