7.09.2024, 9:00
Оқылды: 81

Тасқалада Халықтық штаб жұмысын бастады

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа жолдаған жолдауында мәлімдеген болатын. Осыған байланысты бүгін аудандық Халықтық штаб өз жұмысын бастап, алғашқы жиынын өткізді. 

IMG-20240906-WA0067

Жиында Тасқала аудандық Халықтық штабтың төрағасы Люция Жұбанышқалиева АЭС салу бойынша рефередум мақсатын түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«6 қазан елімізде АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты Республика көлемінде үкіметтік ұжымдар өкілдері, барша партия депутаттары, ғалымдар бірігіп Халықтық шатб құрды. АЭС салу еліміздің ұзақ мерзімді дамуына серпін беретін маңызды жоба ретінде ұсынылып отыр. Халықтық штабтың басты міндеті – жобаның маңыздылығын түсіндіру және қоғамда қолдауды арттыру. Бұл қауіпсіз, сенімді экологиялық таза жоба. Үлкен таңдау алдында тұрмыз. Әрине, референдум нәтижесін халық шешеді. Бүгінгі таңда референдум бойынша атқарылатан жұмыстар бекітілді. Келесі аптада кестеге сай түсіндіру жұмыстарын бастайтын боламыз»,-деді аудандық Халықтық штабтың төрағасы Люция Әсетқызы.

Жиын барысында штаб өкілдері өз ойларын ортаға салып, елімізде АЭС салудың маңыздылығын тілге тиек етті.

IMG-20240906-WA0072

Жиын соңында штаб өкілдері еліміздің болашағы үшін алдағы референдумда белсенділік танытып, оны ойдағыдай өткізуге атсалысатындарын жеткізді.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале