9.09.2024, 10:15
Оқылды: 315

Александр Масляков қайтыс болды

Ресейлік және кеңестік танымал тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында дүниеден озды. Бұл туралы КВН халықаралық одағы хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

6BBA82D5-8BD2-48B3-BA8C-75968993FA88

Сурет: КВН ресми парақшасы

«2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін мәңгілік аңыз болды және болып қала береді», - деп хабарланды КВН ресми парақшасында.

А.Масляков 1964 жылдан бері «КВН» бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және одан тыс жерлерде әзіл мен сатираның символына айналды.

«Ол көптеген марапаттарға ие болды, «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденінің толық кавалері және «АМиК» шығармашылық бірлестігінің негізін қалады. Оның отандық ойын-сауық теледидарының дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес», - дейді әріптестері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале