10.09.2024, 23:00
Оқылды: 166

Шыңғырлауда халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті

Биыл 6-қазанда Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының құрылатынын шешетін референдум өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялау барысында мәлімдеген болатын.

WhatsApp Image 2024-09-10 at 18.09.49

Референдум дегеніміз – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Яғни алдағы референдумда қазақстандықтар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап ретінде өз дауыстарын беретін болады. Атом электр станциясының салынуы - елдің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті, маңызды бастама. Аталмыш станциялар алпауыт мемлекеттерде бұрыннан жұмыс жасап келе жатыр. Еліміз қажетті ресурстардың көлемі бойынша ең алдыңғы қатарларда болса да, соны игеретін мүмкіндіктерді әлі де пайдаланбай келеді. Сондықтан да АЭС-тың салынуы әлемдік көштен қалмай, ілгері жылжуға сеп болмақ.

WhatsApp Image 2024-09-10 at 18.09.48

Осы орайда Шыңғырлау ауданы бойынша құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті. Штаб төрағасы Азамат Тағаниязов оның мүшелеріне референдум алдында атқарылатын шаралар, жасалатын жұмыстар бойынша толық ақпарат беріп, жоспарлармен таныстырды. Қазір белгіленген жоспар бойынша жұмыстар атқарылып, кездесулер өткізілуде.

Айта кетелік, штаб референдум жұмысына басшылық ететін азаматтық қоғам белсенділері мен қоғамдық пікір көшбасшыларынан құралған. Барлығы 26 эксперт-сарапшы алдағы уақытта науқан жұмысына белсене араласып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жүргізіп, барлық іс-шараларға қатысатын болады.                                                                                                                                                         Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале