11.09.2024, 13:00
Оқылды: 105

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады

Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

5A669BCC-B70F-4F6F-A18A-547489B78317

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық боксшылар турнирде 15 алтын, 11  күміс  және 15 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орын алды. 

Екінші орынға 14 алтын, 11 күміс және 8 қола иеленген Өзбекстан құрамасы орналасқан. 

12 алтын, 13 күміс және 18 қола иеленген Үндістан құрамасы үздік үштікті тұйықтады. 

Айта кетелік, Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале