11.09.2024, 16:45
Оқылды: 69

Облыстық халықтық штаб мүшелері Тасқалаға барды

3F35932C-2DE2-4ADB-84E2-6D9803BAE29B
С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте облыстық халықтық штаб мүшелері – «АMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы А.Сафималиев, энергетика саласының ардагері Я.Чудров, қоғам қайраткері Т.Сапаров, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы М.Анесов, «Ақжол» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Б.Ізмағамбетов, «Байтақ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Муштанов, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» БҚО филиалының Президенті А.Тапишев мектептің ұжымымен кездесті.

658E1826-548C-48A6-827C-4E1E625B4B2E

Кездесуде қоғам қайраткері Табылғали Сапаров бұл референдумда ұстаздар рөлі өте маңызды екенін айтып өтті. «Ақжол» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум жөнінде Жолдауына нақты тоқталып өтті.

B1A6BB16-A637-4641-8F29-9843ED1B082E

Жиынды қорытындылаған Тасқала аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева келген облыстық халықтық штаб мүшелеріне алғысын білдірді.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале