12.09.2024, 16:00
Оқылды: 115

БҚО әкімі Гүлнәр Мерғалиеваның бақша орталығына барды

Жақында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Гүлнәр Мерғалиеваның бақша орталығына арнайы барып, кәсіпкердің жұмысымен танысты.

CBB6891E-A02E-4073-A226-ECDB6C4C98C5

Жалпыхалықтық эко-челленджге айналған «Таза Қазақстан» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сәуір айында бастау алған болатын. Содан бері батыс өңірінде апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, қала көшелері абаттандырылды. Жыл ба­сынан бері шаһарымызда 5 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Қаламызды шырайландыруға бағытталған жұмыстан кәсіпкерлер қауымы да шет қалмады. Солардың бірі – гүл өсіруші Гүлнәр Мерғалиева.

A2B8BA4A-9F07-4619-8E8C-4FD6049DEF88

– Бүгін Гүлнәр Мерғалиева атындағы бақша орталығының ашылғанына 1 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында бақшамыз жайқалып, түрлі өсімдіктермен толықты. Бұл жерден қылқан жапырақты сәндік өсімдіктердің, әртүрлі бұталардың және көпжылдық гүл көшеттерінің түр-түрін табуға болады. Бұған қоса орталығымыздың ландшафты дизайнерлері тұтынушыларға өз қызметін ұсынады. Қалалар арасында және Қазақстан бойынша жеткізу де бар. Бұл жерде қала тұрғындары тынығып, жасыл-желектің арасында бой сергіте алады, - дейді кәсіп иесі.

08ECFF2E-8E62-4AE9-BCF1-2B6CF37BE0E3

Іскер келіншек сүйікті ісімен 10 жылдан бері айналысады. Өсімдіктерді күтіп-баптауға зор жауапкершілікпен қарайтын ол бір жылдың ішінде орталығын жандандырып, әсем гүлдердің сан түрін жайқалтқан. Іс-шараға ар­найы барған облыс әкімі Нариман Төреғалиев осындай бау-бақша орталықтары қаланың көркейіп, гүлденуі жолында маңызды рөл атқаратынын айтты.

Аружан Аманжол

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале