13.09.2024, 10:15
Оқылды: 41

АЭС салу: Тасқалада штаб мүшелері студенттермен кездесті

Биыл 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялаған еді. Сол Жолдауда Президент елде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтеді деп мәлімдеген болатын. Осыған орай Тасқала аудандық халықтық штаб өкілдері аудан колледжінің ұжымымен және студенттер қауымымен кездесті.

A7BDC35A-0517-4641-B294-2582C0142974

Жиынды ашқан аудандық халықтық штаб төрағасы Люция Жұбанышқалиева  Президент Жолдауының маңыздылығына тоқталып, кездесудің басты мақсатын атап өтті.

Одан әрі аудандық халықтық штаб мүшесі Бақтығұл Жұмажанұлы Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін оң әсері мен маңыздылығын жан-жақты талдап, соның ішінде елімізде АЭС салу мақсатын түсіндіріп өтті.

АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын әңгімеге арқау етті. Сонымен қатар штаб мүшелері референдумның Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін маңыздылығына тоқтала келіп, ұжымды науқанға белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале