13.09.2024, 16:15
Оқылды: 25

АЭС салу: Тасқалада халықтық штаб мүшелері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының, сондай-ақ, аудандық халықтық штабтың төрағасы Люция Жұбанышқалиева бастаған топ әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.

932F7CC2-14DC-4536-BE26-32E0F4A616D7

Кездесуде алдымен сөз алған штаб төрағасы Люция Әсетқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының мақсатын түсіндіріп, оның әр бөліміне арнайы тоқталды.

Әсіресе «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында ауқымды жұмыстардың қолға алынып, өз нәтижесін беріп жатқананы тілге тиек етті.

Сонымен қатыр 6 қазанда өтетін АЭС салу бойынша референдумға тоқатылып өтті. Оның айтуынша еліміз энергетика секторын трансформациялаудың алдында тұр.

«Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі таңда мемлекеттің энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда бұл модель күрделі мәселелерге тап болып отыр. Атом электр станциясының салынуы – мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Яғни, 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті», - деді өз сөзінде.

Штаб мүшелері атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы саналатынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектесетінін жеткізді.

Кездесуде барысында қатысушылар АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауап алды.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале