13.09.2024, 15:00
Оқылды: 263

Айсұлтан Миразат: «Көшпенділер ойыны – мен үшін жаңа деңгей»

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының бәйгесінде топқа кірген бәйгебаланың бірі, Орал қаласындағы ұлттық спорт мектебі жанындағы бәйге бөлімінің тәрбиеленушісі – Айсұлтан Миразат.

85BE3C9B-05DB-46E5-9618-C854364DA344

Айсұлтан – Жаңақала жағы, Айдархан топырағының тумасы, Асылбек деген жырдың жүйрігі шыққан Ишановтар әулетінің ұлы.

Айсұлтан халықтың көз алдында өсіп келеді. Ол небір басы қатты, қаны қызу қазанаттарды бағындырып, шеберлігі мен ширақтығының арқасында талай тұлпардың бағын жаққан, талай бәйгенің тағдырын басқаша шешкен. Қазір ат жарысына Айсұлтанның шабысын көру үшін арнайы келетін көрермен бар.

Бүгін біздің бәйге бала Моңғолия Республикасының «Меллоның» деген жүйрігімен топ бәйгеге шапты. Маңғол ат мамандары қазақ балаларының арасынан Миразаттың немересін арнайы сұрап, әдейі таңдаған.

Бәйге қалай аяқталары белгісіз. Бірақ, Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында атқа шабу – Айсұлтанның кәсіби мансабы үшін жаңа деңгей болғаны сөзсіз.

Айтпақшы, оның әкесі, атбегі Ақылбек Ишанов та «Қазанат» атшабарында спорттық додаға төрешілік етіп жүр.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале