13.09.2024, 17:46
Оқылды: 105

«Бәрі де халық игілігі үшін» – Сағынғали Имашев

5FB2252B-6F1A-42F9-8677-83FD6974D393

Сурет: freepik.com

Сағынғали Имашев, зейнеткер

Шыңғырлау ауданы

– Еліміз өркендеп, одан әрі дамуы үшін әлі талай асулардан асып, биіктерге құлаш сермейтініміз анық. Экономикасы мен әлеуметтік жағдайы өркендеген халықтың тұрмысы жақсарып, бай-бақуатты өмір сүрері белгілі.

Жақында ғана Үкімет отырысында елімізде АЭС салу жөнінде талықылау болып, осы жоспар енді халықтың пікірімен санаса отырып, нақты шешім алынбақ. Сол үшінде Қазақстанда референдум жұмысы басталып кетті. Қарқын алған референдум жұмысына баршамыз бірдей атсалысып, әрбір қазақстандық өз дауысымызды қосуға тиіспіз.

Менде зейнеткер, ардагер құрылысшы ретінде, осы ауданның ақсақалдары атынан өз қалауымды білдірмекпін. Жылдар бойы ауданымыздың экономикасына, құрылыс саласына айтарлықтай үлес қоса отырып, еліміздің бұдан әрі дамуы үшін АЭС жобасы қабылдануы тиіс деп ойлаймын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале