14.09.2024, 18:11
Оқылды: 120

БҚАТУ ұжымы Жолдауды қолдайды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында TAD talks форматында жиын өтті.

IMG_0583

Жыл сайынғы дәстүрлі маңызды құжатты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ықыласпен тыңдады. Жалпы Президент Жолдауы жоғары білім және ғылым саласының қызметкерлеріне де үлкен серпіліс беретіні сөзсіз. Себебі бұл стратегиялық құжатта айтылатын мәселелер еліміздің барлық салаларын қамтитыны белгілі.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел экономикасын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, жастардың тұлғалық белсенділігін қалыптастыруға, қолданбалы ғылымның әлеуетін арттыруға, білікті кадрлар даярлауға негізделген ауқымды мәселелер қамтылды. Сонымен қатар Жәңгір хан университеті аграрлық мамандар даярлайтын жоғары оқу орны болғандықтан, ғалым-ұстаздар аталған құжаттағы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты айтылған мәселелерге назар аударды.

IMG_0577

Осындай мақсатта ұйымдастырылған кездесуді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мекен Қарғабаев жүргізді. Жиында алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев; Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев; студент, жазғы Париж олмипиадасына қатысушы Мария Бровкова сөз алып, Президент Жолдауы аясындағы мақсат-міндеттер, тоғыз бағыт бойынша назар аударылған басымдықтар жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.

«Биылғы Жолдауда көптеген маңызды бағыттар қамтылды. Мемлекет басшысы кадр мәселесіне, әсіресе, мұнай-газ, энергетика, машина жасау салалары бойынша кадрлар даярлау жұмысына баса көңіл бөлді. Сондай-ақ АЭС құрылысын салу бойынша референдум күнін белгіледі. Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам болмақ» - деді ғалым-ұстаз Сәрсенбек Әлиакбарұлы.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Жолдауда айтылған басымдықтарды жастар арасында түсіндіріп, насихаттауға бар күш-жігерлерін салады.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале