16.09.2024, 9:00
Оқылды: 62

Биыл АӨК саласында 82 жоба іске асырылды

ҚР АШМ-нің облыс әкімдіктерімен селекторлық кеңесінде АӨК-нің негізгі капиталына инвестициялар тарту қарқыны талқыланды. Бұл туралы АШМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

B5875E8C-541F-4F0B-BD4B-F2718F8F3B3A

Суреттер: АШМ

Осы жылдың 7 айында АӨК-ке 488 млрд.теңге сомасына инвестициялар тартылды, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығына - 407 млрд. теңге, тамақ өнімдерін өндіруге-81 млрд. теңге. Оның ішінде 8 айда пайдалануға берілген 82 жобаны іске асыруға инвестициялар. 2024 жылы 66,5 млрд. теңгені құрады.

Инвестициялық жобалардың негізгі бағыттары мал шаруашылығы, оның ішінде сүт-тауар фермалары және құс етін өндіру, өсімдік шаруашылығы, суару жобалары, өнімді сақтау жобалары болып табылады.

7182FA5D-036D-43A6-9DFC-62CDFF03B966

Сонымен қатар, ет, сүт және астықты терең өңдеу, сондай-ақ өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту да басымдыққа ие.

Жобаларды іске асыру бойынша Павлодар, Ақмола, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облыстары көшбасшы болды. Сонымен қатар, АӨК саласында бірде-бір жоба Алматы, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында жүзеге асырылған жоқ.

«Бұл жобалардың әлсіз пысықталуын, іске асыруға қызығушылықтың жоқтығын көрсетеді, алайда олардың бұл саланы дамытуда үлкен әлеуеті бар», - деді министр Айдарбек Сапаров өңірлердің жұмысын сынға ала отырып.

Айдарбек Сапаров инвестициялау үшін жағдайлар жасалғанын атап өтті: қаражат тартылды – жеңілдікті несиелер, инвестициялық субсидиялар бар, бірақ жергілікті жерлерде жұмыс істеу қажет.

Министр әкімдіктерге 2024 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды уақтылы пайдалануға беру жөнінде шаралар қабылдауды, қаржы институттарына – техниканы жаңарту, жаңа технологияларды енгізу үшін жеңілдікті кредиттер мен лизингтік бағдарламаларды ұсынуда икемділікті арттыру есебінен қаржыландырудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале