17.09.2024, 12:00
Оқылды: 125

«Наурыз» және «Отау» ипотекасына өтінім қабылдау жалғасады

Таяуда өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Алтынбек Шайдуллин «Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына қосымша өтінімдер қабылдау басталғанын айтты.

ЖП Үй Гүлмира

Тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға қосымша қабылдау биылғы 16 қыркүйекте басталды және 25 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Қатысуға өтінімді «Баспана маркет» порталында (otbasybank.kz) беруге болады. Оған осыған дейін «Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына қатысушылар тізіміне енбеген қазақстандықтар қатыса алады.  

– «Отбасы банк» аталмыш бағдарламаларға өзгеріс енгізбекші. Яғни клиенттердің тәжірибесін зерттеп, «Отау» және «Наурыз» ипотекасының шарттарын бір  жүйеге келтіру туралы шешім қабылданды. Енді «Отау» бағдарламасының қатысушылары үшін салымды жинақтау мерзіміне шарт қойылмайды, депозитті қатысуға өтінім бергенге дейін ашуға болады. Бұған қоса несиенің максималды сомасы ұлғайтылды. Астана, Алматы қалаларында – 36 млн теңге, ал басқа өңірлерде – 30 млн теңге. Енді Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талап етілмейді. Әлеуметтік осал топтағы есепте тұрған азаматтар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы негізінде екі бағдарлама бойынша ұпай есебі бірдей жүргізіледі, – деді Алтынбек Мақсұтұлы.

Бүгінде 2 000-нан астам отбасы «Наурыз» бағдарламасы арқылы жаңа қонысқа қол жеткізсе, «Отау» бағдарламасы арқылы 1742 адам несие алған. Тағы 5000-ға жуық азамат сатып алуға қолайлы баспана іздеуде.

Қазір Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) 566 тұрғын үй кешені ұсынылған, онда 9 194 пәтердің кез келгенін брондауға мүмкіндік бар.

Бағдарламаның талаптарымен otbasybank.kz порталынан танысуға болады.

Аружан Аманжол

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале