Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен алдағы өтетін референдумға арналған оқыту семинарлары өткізіліп жатыр. Бұл жөнінде Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясынан хабарлады.
«Референдумды тиімді дайындау және өткізу кезінде комиссиялардың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында өткізіліп жатқан семинарларға қалалық учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысып жатыр.
Бұл шараларда Орал қалалық референдум комиссиясының төрағасы Мұхтар Давлетжанов алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды референдумды тиісті дәрежеде өткізуге шақырды.
Семинар барысында Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Әсия Жумина, мүшелері Нариман Мүстиев, Аслан Шахаров референдумды ұйымдастыру, онда кездесетін түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу, түрлі жағдаяттардан шығу туралы мол мәлімет беріп жатыр.
Күні бүгінге дейін екі күн қатарынан Достық үйінде, Орал ақпараттық технологиялар колледжінде, №10 және №7 мектептерде өткен оқыту семинарларына 130 учаскелік референдум комиссияларынан 500-дей адам оқытылды. Аталған оқу семинарлары 23 қыркүйекке дейін жалғасады.