Сурет: freepik.com
Референдум – маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Республиканың барлық аумағында өткізіледі.
Референдум өткізу кезінде азаматтар өз қалауы бойынша қатысып, дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ азаматтардың дауыс беруі жасырын түрде өткізіледі.
Заңнаманың осы принциптеріне негізделіп, биыл 6 қазанда елімізде атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өткізілетін болады.
Референдумға барлық аудан, ауыл сайлаушыларын түгел қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Динара Еркеғұлова
Жәнібек аудандық №144 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы