18.09.2024, 17:45
Оқылды: 85

АЭС құрылысы жөніндегі халық штабы еңбек ұжымдарымен кездесті

Ақпараттық науқан аясында АЭС (атом электр станциясын) салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб өкілдері жетекші кәсіпорындардың, соның ішінде «ЖайықЖылуҚуат», «Батыс су арнасы», «Жайық ұн», «Жайық Таза Қала», сондай-ақ облыстық жедел жәрдем станциясының және өзге еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Бұл туралы АЭС салуды қолдау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық халықтық штабының баспасөз қызметі хабарлады.

21B7EBBE-F35B-470C-B5D8-1D4C47C60344

Бұл іс-шаралардың мақсаты – қызметкерлерді АЭС туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын өткізіп, оның құрылысының еліміз үшін маңыздылығы, әрі осы стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты ықтимал артықшылықтар мен тәуекелдерді талқылау.

56E42857-0AC9-4D97-94D5-160EA199BF08

Кездесулер барысында халықтық штаб өкілдері атом электр станциясы жөнінде толық ақпарат беріп, келесі мәселелерге ерекше назар аударды:

1. Экономикалық даму және жұмыс орындарын құру: штаб өкілдері атом электр станциясын салу және одан әрі пайдалану ел экономикасын дамытуға қуатты серпін бола алатынын атап өтті. Жоба құрылыс кезеңінде де, станцияны пайдалану процесінде де жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді.

D3E3A9D2-7968-4DF3-84B7-07C3A51ABD57

2. Энергетикалық тәуелсіздік және тұрақтылық: кездесулерде АЭС іске қосылуы елімізді энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа ықпал ететін сенімді және экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

3. Экологиялық қауіпсіздік: экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қоршаған ортаға әсерді азайту үшін атом электр станцияларын салу және пайдалану кезінде қолданылатын заманауи технологиялар мен қатаң халықаралық стандарттар туралы айтылды.

4. Әлеуметтік инфрақұрылым: сондай-ақ атом электр станциясының құрылысы аясында жүзеге асырылуы жоспарланған ықтимал әлеуметтік жобалар талқыланды. Бұл еліміздегі өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін әлеуметтік инфрақұрылымды, білім беруді және денсаулық сақтауды дамытуға қатысты.

8FC841D1-7300-46FA-967A-28A9E2CC5873

Кәсіпорын қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Бұл кездесулер халықтың хабардарлығын арттыруға және АЭС салуды қолдау бойынша шешімдер қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар сериясының бөлігі саналады. Халықтық штаб өкілдері елдің маңызды мәселесін барынша толық және ашық талқылауды қамтамасыз ету үшін халықтың әртүрлі топтарымен кездесулер өткізуді жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале