19.09.2024, 14:30
Оқылды: 58

Бөкей ордасындағы білім сапасы мен мектеп мәселесі депутаттар назарында

Бөкей ордасында аудандық мәслихаттың ХХІІ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарованың «ҚР-да мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы» туралы есебі тыңдалып, ауылдық округ әкімдерінің бюджетке сұранысы қаралды.

94439CA1-C327-4793-81E7-60B106D7E081

Баяндамашының есебін мұқият тыңдаған депутаттар сауалдарын да қойды. Қайрат Насимоллин аудандық музыка мектебінің жұмысы сын көтермейтінін айтса, Лариса Қайырғалиева білім сапасы төмен мектептермен жұмысты жандандыру қажеттігін көтерді.

Сессия отырысында округ әкімдері күзгі-қысқы жол күтімі үшін техникаларды жөндеуге қосымша қаржы сұраса, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажығалиев ауданның бірқатар азаматтарына «Ауданның құрметті азаматы» төсбелгісін беру мәселесін депутаттар назарына ұсынды.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале