6 қазан күні елімізде республикалық референдум өтеді. Референдум - азаматтардың дауыс беру арқылы өз еріктерін тікелей білдіру рәсімі. Оның нәтижесі бойынша қоғамдық және мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Айсұлу Абдолова, №139 учаскелік референдум комиссиясының хатшысы
Алдағы референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» деген сұрақ шығарылып, оған «иә» немесе «жоқ» деген таңдау жасау керек болып тұр.
Қазақ елінің тарихындағы елеулі оқиғаларға бейжай қарамай, өз азаматтық позициясын білдіріп отыру – әр қазақстандық азаматтың бастапқы борыштарының бірі. Сол себепті барлық аудан сайлаушыларын белсенділік танытып, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Жәнібек ауданы